Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбеков «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Дәуітбеков Есдәулет Есболатұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Кездесуге батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты», – деп …