Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған болатын. Бүгін Республикалық Тамыз конференциясына қатысқан Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын ұзарту арқылы білім саласындағы бірқатар мәселені шешуге болатынын айтты. «25 мамыр – 31 мамыр. Былай қарағанда, санаулы күндер. Алайда бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Біріншіден, алты күн оқып жатқан, яғни сенбі күні демалмай …