«Қазақстан дауысы» балалар ән байқауына әнші Бағлан Әбдірайымовтың Айқаракөз есімді қызы қатысып, келесі айналымға өте алмай қалды. Қызының жылаған сәті жүрегін елжіретіп жібергенін айтқан әнші одан кешірім сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды. «Жылама, қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. …