Белгілі актер Рахман Омар әріптесі Сағат Жылгелдиевтің қалай қайыс болғанын еске алып, оған жазба арнады. «Жалған дүние-ай…Кім ойлаған.?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен , дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр…Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ ,басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүрүші еді. […]