Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ерәлиеваның туған күні деп хабарлады turkystan.kz. Әнші көзі тірі болғанда 68 жасқа толар еді. Кәусар бұлақтай таза да сыңғыр үнімен тыңдаушысын тамсандырған қазақтың аяулы қызының өмірден өткеніне 22 жыл болса да, көңілден кеткен жоқ. Нәзік те сыршыл үнімен, өзіндік мәнерімен халықтың сүйіктісіне айналған әнші «Ай-қарагөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала …