Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында концерт берген Шиза есімді әнші мен «Ирина Қайратовна» тобының мүшесінің әрекеті елдің наразылығын тудырды. Онда сахна төрінде тұрған жас әншілердің бірінің Мемлекеттік туды лақтырмақ болғанын байқауға болады. «Алматы қаласындағы концерт кезінде болған оқиға қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, концертті «NS group» ЖШС ұйымдастырған. Shiza лақап атын иеленген азаматтың […]