Түркістан музыкалық драма театрында «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» триптих-спектаклі сахналанады. Қазақстанда тұңғыш рет 18-19 маусымда Шекспир, Әуезов, Гёте сынды үш жазушының әйгілі туындыларының сахналық нұсқасы көрермен назарына ұсынылады. Уақыт өтсе де, бұл шығармалар әлі де өзектілігін жоймаған. «Тағдыр мен тауқымет, махаббат пен ғадауат. Зар еңіреген көшпелі заман, ойы екіге жарылған адамның ақыл азабы, есіле көсіліп шаттанып, […]