Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы айтулы күннің құрметіне елордада балалар мен оқушыларға арналған арнайы тақырыпқа бөлінген көрмелер, еліміздің өткен тарихы туралы танымдық сағаттар, концерттер, қойылымдар, спорттық біріншіліктер және т.б. өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.