Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеев шығармашылық қолтаңбасы жайлы «Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анам- ның оюынан үйрендім» деп әңгімелейді. Ал шығыстанушы, араб тілінің маманы, тіл зерттеушісі Жанна Рахметжанқызын қылқалам шеберлері мен мүсіншілер ортасына алып келген – бекзат өнерге деген шексіз құштарлық, өз халқының тарихы […]