«NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды», – деп сүйіншіледі белгілі треньер Дәулет Мұқаев Инстаграмдағы парақшасында. «Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеледі. Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021–2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар […]