Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет үйінде өткен брифингте "Міржақып. Оян қазақ!" фильмінің прокаты туралы сұраққа жауап берді. Министр бұл фильмді көрсетуге тыйым салынбағанын, тек оның кинотеатрларда көрсетілу уақыты біткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.