Ертең, 18 қарашада Орталық Американың ең әдемі елі Сальвадорда көптен күткен оқиға – "Ғалам аруы-2023" халықаралық сұлулық байқауының финалы өтеді. Қазақстан атынан шетелдік сахнаға шығу құрметі еліміздің хас сұлуларының бірі Vice Miss Qazaqstan-2022 атағының иегері Томирис Заирге бұйырды.