Құнды жәдігерлерде еліміздің тарихы қамтылған, олармен қазір отандық ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия сияқты елдерден әкелінген. Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.