Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін Өзбекстанға тапсырды. Салтанатты іс-шара «Халық Аренада» үлкен мерекелік концертпен жалғасты. Мыңдаған көрермен, жүздеген әртіс және түркітілдес мемлекеттердің делегациялары бір алаңда бас қосты. Сахнада әсем әуен ойнап, делебені қоздырар ұлттық билер мен спектакльдер қойылды.