Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған көрме өтіп жатыр. «JULDYZ» экспозициясы әншінің Еуропалық туры аясында «Erster Erster» галереясында ұсынылды. Онда Димаштың шығармашылық жолындағы маңызды сәттері мен өмірінде айрықша орын алған адамдардың бейнелері көрініс тапқан.