Әнмен егіз жаратылған халықпыз. Шыр етіп өмірге келген сәттен жер қойнына кіргенше әр сәтті әнмен бейнелеуге шеберміз. Қуансақ та, қайғырсақ та көңілдегі мұң мен сырды ән арқылы шығарамыз. Біз үшін тіршіліктің бар тынысы әнмен астасып жатады. Көңілдің төрінен ойып тұрып орын алған әндер де баршылық.