«Астана кештерi» ХI халықаралық өнер фестивалінің алғашқы концертінде ерекше музыкалық туындының премьерасы өтті. Француз композиторы Пьер Тиллуа жазған қобыз бен скрипкаға арналған «Бақсы сиқыры» атты жаңа музыкалық шығарма барша өнер сүйер қауымды тәнті етті. Екі ішекті аспап – қылқобыз бен скрипканың қайталанбас дуэтін тыңдармандар жоғары бағалады. Әлемдік премьераны Франциядан келген қобызшы Айгерим Ерсаинова-Шустер мен скрипкашы […]