«Жас толқын» байқауының жеңімпаздары Мәскеуде өнер көрсетті. Көбі «Каспий құбыр консорциумы - дарынды балаларға» атты халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленіп қайтты. Фестивальде еліміздің намысын қорғаған жас өнерпаздардың сапарына биыл да Каспий құбыр консорциумы бастамашы болды.