Алматыда Қала күніне орай «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында «Ән Алматы» атты мерекелік концерт өтті. Музыкалық кештің негізгі мақсаты – Алматының мәдени келбетін, шығармашылық әлеуетін және қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті шаһарына деген құрметін өнер арқылы дәріптеу. Концертте музыкалық композициялар мен театрландырылған көріністер арқылы қаланың тарихы, мәдени мұрасы, дәстүрі мен бүгінгі тынысы көрермен назарына ұсынылды. …