Маңғыстаудағы Қарақабақ қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары Қазақстан тарихын жаңаша жазуға мәжбүр етуде. Отандық ғалымдар бұл көне шаһар ежелгі грек географы Клавдий Птолемейдің әйгілі картасында көрсетілген Каспийдің шығыс жағалауындағы жұмбақ Аспабота қаласы болуы мүмкін деген сенсациялық болжамды зерттеп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».