Жыл соңына дейін «Олжас Сүлейменов. 90 жыл» және «Аз и Я» фотоальбомдарын басып шығару жоспарланып отыр. Бұл басылымдар кейін еліміздің барлық көпшілік кітапханаларына таратылады. Сонымен қатар республика көлемінде қаламгердің шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне арналған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өтеді.