Кекілді бала күннен кітап кеміруге әуес едік. Қолға түскеннің бәрін ашқарақтана оқитынбыз. Бірте-бірте екшеп-елеп, салмақтап оқуды үйрене бастадық. Оқырмандық талғам қалыптасқанда бұрын асылға балаған көп дүние жайдақ су екенін бағамдадық. Енді ғұмырлық бағдаршам болар қас шеберлердің ізіне түстік.
Мәдениет

































