Моңғолия әншісі Мишель Джозеф Астанада өткен Silk Way Star халықаралық байқауында жеңіске жетті. Бірнеше аптаға созылған мегажобаны қазақстандық көрерменнен бөлек, шет елдерден миллиондаған адам тамашалады. Финалда Қазақстан, Армения, Грузия, Қытай, Малайзия, Моңғолия және Өзбекстан намысын қорғаған жеті өнерпаз өнер көрсетті.