«Хабар» арнасындағы мега-шоу – The Voice Қазақстанның жартылай финалы жақындады. Тікелей эфирдегі таланттылар тартысында бұл жолы сегіз өнерпаз бақ сынайды. Ертең кешкі сағат 20:00-де шешуші кезеңнің қатысушылары анықталады. Байқау мәреге жақындаған сайын үміткерлер де дайындықты күшейтті.