Түркістанда түркі тілдес елдердің халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі түңлігін түрді. «Turkestan Book Fair» көрмесіне Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы, Ресей мен Қазақстаннан баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларынан 50-ге жуық өкілі қатысып, өз өнімдерін ұсынды.