24 мамыр таңғы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Абай облысы Бородулиха ауданындағы елді мекендерге төнген өрт қаупі жойылды. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің қатысуымен өткен жедел республикалық штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.