Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев басынан күн өту шағымымен 10 адам, оның ішінде 7 бала дәрігерлер көмегіне жүгінгенін айтты. Ауруханаға екі бала жеткізілді. Біреуі Қарғалы аудандық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.