Видеода тәрбиеші мүгедек балаларға арналған Шымкент орталығының бір тәрбиеленушісін ұрып-соғып, итеріп жібереді. Кадрларда күтушінің балаларға тәттілер таратқаны көрінеді, бірақ 14 жастағы Диас Тұрсыновқа печенье жетпей қалған. Аутизмі бар бала тәрбиешіден печенье сұрауға тырысады, бірақ жауап ретінде оны ұрып-соғады. Содан кейін укол салынады. Баланы видеоға түспейтін жерге бөлменің бұрышына апарады. Онда не болып жатқаны белгісіз.