Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жазбаға сәйкес, көз жұмған Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г.Садвакасов атындағы мектепте жұмыс істеген. Оның артында үш баласы қалды. Ауыл тұрғындары мектеп директорының парасатты адам болғанын айтады. Сөздерінше, оның өлім себептерін жіті тексеру керек.