Алматының Медеу аудандық сотында жол-көлік апатын жасаған автобус жүргізушісінің соты басталды. Ол басқа автобуспен соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан еді, салдарынан 37 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.