Атырауда жергілікті тұрғын көшедегі адамдарға итін айтақтаған. Ал шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен полицейлердің өзінің басы дауға қалды. Өйткені жануарды қорғаушы белсенділер итке қатыгездік көрсеткені үшін тәртіп сақшыларын жауапқа тартуды сұрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.