Оқиға 6 қаңтарда алаңның жанында болған. Әйел балаларға арналған дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға шыққан. Шолпан Бегайдарова бұл қайғылы күнді мұңмен еске алады. Ол даңғыл бойымен келе жатқанын айтады, кенеттен белгісіз адамдар көлікке оқ жаудырған. Оқ есіктен шығып, жамбасына тиді. Шок алған күйде Шолпан газға басып, жоғары жылдамдықпен жолын жалғастыра түскен. Осыдан кейін тағы бір оқтылған. Оқ денесіне тимей өтіпті.