Жуалы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне барлығы 48 адам медициналық көмекке жүгінген. Оларды 11 жедел жәрдем көлігі жеткізді. Зардап шеккен 16 адам ауруханаға жатқызылды. Төрт адам жансақтау бөлімінде, 12 адам хирургия бөлімінде жатыр, өкінішке орай екі адам қайтыс болды, - делінген Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.