Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында өрттен көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды. Бір үйдің 8, 6 және 1 жастағы үш баласы Талдықорған қаласы маңына жерленді. Қаралы отбасы бір жылдан бері үй жалдап тұрып жатқан. Төрт балалы ерлі-зайыптылардың отағасы ғана жұмыс істеген. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, бұлар Талдықорған қаласында үй кезегінде тұрған, ал Ескелдіде …