Қызылордалық мейірбике Айгүл Нұрмаханова – қаңтардағы қақтығыстар кезінде кезінде кірпік қақпай қызмет еткен мамандардың бірі. Ақ халатты қарулы қақтығыс кезінде емхананың киім ілетін бөлмесінде жаралы сарбазды жасырып қалыпты. Өзі де сол күндері соққы алса да, үрейге берілмей сол жауынгерді емдеп шыққан. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Айгүл Нұрмаханова тек өзінің дәрігерлік борышын өтегенін және бұл әрекетін ерлік деп бағаламайтынын айтады.