Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы мен мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Украинаның қатысы барын жоққа шығарды, деп хабарлады Азаттық радиосы. Елшінің сөзінше, Киев Астананың алаңдаушылығын түсінеді, алайда бұл шабуылдарды Украина жасағанын дәлелдейтін айғақ жоқ. Майко Ресейдің украиналық дрондарды радиоэлектрондық күрес құралдары арқылы бақылауына алып, арандату мақсатында пайдалануы мүмкін екенін айтып, бұл …