Алматыда Қырғызстанның 30 жастағы азаматы ұсталды. Ұстау кезінде шетелдік құжатсыз болғаны және өткен жылдың қараша айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені анықталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.