27 сәуірде сағат 15:36-да "101" пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылында Победа көшесі бойында бұрынғы асфальтбетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша өрт шалған аудан 800 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.