Елді дүрліктерген сұмдық оқиға Успен ауданында болған. Қыз-келіншектер арасында "ауыл әйелдерінің күні" атты байқау өткен. Сол шарада бас жүлдеге 1 тонна көмір сыйлыққа беріліпті. Осыны көре алмаған ауылдасы жеңімпаз әйелді соққыға жыққан. Тәртіп сақшылары оның ішімдік ішкенін анықтапты.