Семейде полицейлер Шыңғыс Сенғажиев есімді студентті келіншегін перзентхаға апара жатқан жерінен ұстап, қамауға алыпты. Жолдасының айтуынша, алдымен полиция қызметкерлері телефонын тексереміз деген. Жаппай тәртіпсіздікке қатыспағандарын, ай-күні таяп қалғанын айтса да полицейлер жібермеген. Ақыры, толғағы қысқан келіншек сол күні босанған. Қамаудағы азаматтың ісі бойынша туыстары "Аманат" комиссиясына өтініш қалдырған екен.