Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде есірткіні өткізу процесіне жастарды тарту үшін келген 26 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Одан салмағы 500 грамнан асатын психотропты зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.