Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент гарнизоны әскери соты үкімінің күшін жойып, шекара заставасының сержантын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Әскери қызметкерге күш қолдану арқылы қорқыту, билікті асыра пайдалану және өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген айыптар тағылды.

Шымкентте сарбазды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген шекарашы сержант жеті жылға сотталды

