Еркеғали Рахмадиевтің атындағы Қазақ академиялық симфониялық оркестрі Украинаның әнұранын орындап, көпшілікті тәнті етті деп хабарлады turkystam.kz. Гимн Қазақстанның Украина және Поляк Республикаларымен орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған концертте орындалған. Мерекелік кеште әнұран ойналған соң, көрермендер «Слава Украине!», «Героем слава!», деп Украина қарулы күштеріне қолдау білдірген. Бейнежазбаны Facebook-те желіні белсенді қолданушы, кәсіпкер Арман Шораев жариялады. …