Геральдикалық зерттеулер орталығы Ерейментаудағы балбал тастарға экскурсия ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Көнеден қалған тарихи ескерткіштерді көпшілікке насихаттау, қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын білу мақсатында ұйымдастырылған рухани-танымдық сапар Ерейментау ауданына қарасты Қарағайлы ауылында өтті. Экскурсияға қатысушыларды аудан әкімі Абай Еламанұлы арнайы қарсы алды. Ол Ерейментау тарихын насихаттауда бұл сапардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ризашылығын білдірді. Елордадан барған қонақтар этнограф …