Психологиялық травма деген не өзі? Соңғы жылдары «травма», «балалық шақ жарақаты», «токсик ата-ана», «шекара қою» деген ұғымдар қоғамда жиі айтыла бастады. Әсіресе әлеуметтік желілерде әр екінші жазба психологиялық жарақат туралы. Бірі мұны сананың өсуі десе, енді бірі «жаңа буын бәрін травмаға жабатын болды» деп сынайды. Сонда шындық қайсы?