«3 жыл бұрын Перизат Қайрат хабарласып, Астанада қайырымдылық кешін өткізіп беруімді сұрады. Сондай-ақ, менің дүкенімнен аукционға қоятын киім сұрап, құрбыларым Баян мен Аиданы шақырып беріңізші деп өтінді. Кештің басты мақсаты елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау болды».