Әлеуметтік желіде бір қазақ келіншегі әжетханадан шығып келе жатып, қалтасынан бір буда ақша шығарып: «мен дәрет алып отырып та ақша табамын, ақша деген не, ол жәй қағаз» деп ақшасын далаға лақтырып жіберген видеосы жарияланды. Әлгі келіншектің бұл әрекеті көптеген адамдардың ашу-ызасын туғызып, жұрттар өз пікірлерін жазды.