Әр адамның өмірінде апатиялық кезең болады. Түрлі жағдай, ой, мәселе қажытқанда адамның қолы жұмысқа бармай қалады. Психологтар арман-мақсат, жоспарлардан ешнәрсе шықпайтынын ойлаған адам үшін ешқандай мән қалмағандай болып, апатиялық күй кешеді дейді. Ертеңгі күніне жоспары жоқ адам да көбіне осындай әрекетсіз күйде болады екен. Бұндай күйге апаратын себептер қайсы?