ІІМ деректері бойынша 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидалары туралы 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа берілді. 19 мыңнан астам адам зардап шегуші болып табылады, оларға келген зиян 21 млрд теңгені құрайды. Заманауи қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс алу "ғажайыбына" сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтарды өзіне тән белгілермен анықтауға болады, бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fingramota.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.