Қазақ фольклорындағы мифтік бейнелердің біpi көк өгіз бейнесі. Бұл бейнені зерделеу барысында фольклорлық мәтіндерде аз кездесетіндігін байқадық. Негiзiнен көк өгiз - жаратылыс туралы түсінікке негiзделген діни наным-сенiмнен туындаған мифтік бейне. Ол жердің жаратылуы туралы аңызда ұшырасады.